Жаңа жылдық ертегі

«Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры» жеке қоры «Аяла» қайырымдылық қорының Астана қаласы арнайы коррекциялық мектеп-интернатының 140 оқушысына ұйымдастырған жаңа жылдық ертегісінің басты демеушісі болды. Үш жарым сағатқа созылған сауық 28-желтоқсанда Happylon («Керуен» СОО) ойын-сауық орталығында өтті. Балаларды сүйікті фильмдерінің кейіпкерлері мен Аяз ата және Ақшақар күтіп алып, сыйлықтарын тарту етті. Атап өтерлігі, әр балаға өзі қалаған сыйлық берілді. Себебі, «Аяла» қайырымдылық қоры «Аяз атаға хат» жобасының аясында әр баланың талап-тілегін хатқа түсірген болатын.
Балалардың хатқа түсірген талап-тілектерін қорытындылай келе айтарымыз, олар сауық-сайран құрғанды ұнатып, әлемді тануға құштар, спорт, өнер, музыкаға және т.б. әуес.
Сауық бағдарламасынан кейін, балалар Kinopark 7 IMAX барып, «Фердинанд» анимациялық комедиясын тамашалады.

Enter - iздеуді бастау үшін