Самғау

Жобаның басталуы – 2014-жылдан бері

Жоба мерзімі – мерзімсіз

Жоба мақсаты – түрлі жобаларды қаржыландырып, хореографиялық оқу орындарының оқушылары мен жас әртістерге демеушілік көрсету арқылы хореография өнерін қолдап, дамыту.

Атқарылған жұмыс:

— Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентіне Қытай өнер академиясында (Шанхай қ.) тағылымдамадан өту үшін демеушілік көмек көрсетілді.
— А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің студенттеріне байқауға қатысу үшін сахна костюмдері мен пуанта алуға демеушілік көмек көрсетілді.
— «Астана Балет» театры әртістерінің Сполето қаласындағы (Италия) XXV Халықаралық хореография байқауына қатысу шығынын өтеуге демеушілік көмек көрсетілді.

Enter - iздеуді бастау үшін