Балалар кітапханасы ашылды

Қазақ Ұлттық хореография академиясында ашық форматтағы балалар кітапханасы қызмет ете бастады. Холл кеңістігі қайта өңделіп, жас оқырманға арналған кітап сөрелері ашылып, балалардың ойын ойнап, демалып, жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасалды. Тың дизайн шаттық пен қуанышқа бөлейді. Жаңа кітапхана баланың ой-өрісі биік, парасатты тұлға болып қалыптасуына жол ашары сөзсіз.

Академия ішінде осындай кітапхананың ашылуына Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры ұйытқы болды. Халықтың мәдени деңгейін өсіріп, өнерді насихаттауды мақсат етіп қойған Қор бірқатар жобаларды жүзеге асырып, өскелең ұрпақтың білім алып, демалуына жан-жақты жағдай жасауға ат салысып келеді.

Сонымен қатар, осы шараның аясында академияның бастауыш сынып оқушыларының қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастыруға арналған стендтер мен стеллаждар орнатылып, арт-терапия кабинеті ашылды.

  

Кітапхана ашылған күннен бастап, оқырмандардың саны артып келеді.

Үйлесімді даму мен білім алуға жағдай жасау – балалардың шығармашылық әлеуетін арттырудың кепілі.

  

Enter - iздеуді бастау үшін