2017 жылдың 16-19 мамыр аралығында Сарысу, Жуалы, Жамбыл аудандық мәдениет үйлерінде, Тараз қалалық мәдениет үйінде, Жамбыл облысының Айша Бибі және Көкдөнен ауылдарының мәдениет үйлерінде «Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен құрылған би үйірмелерінің есептік концерттері өтті.
Би үйірмелеріне қатысатын 312 бала концертке белсене араласып, өздерінің шығармашылық жетістіктерін паш етті. Балалар үшін бұл ұмытылмас, жарқын әрі зор мереке іспетті болды. Олардың көпшілігі сахнаға алғаш қадам басқан еді. Концертке шақырылған ата-аналар, туыс-туғандар мен жора-жолдастар да ықыластарын білдіріп, қошемет көрсетіп отырды. Бұл мереке көпшіліктің жадында ұзақ қалары даусыз. Концерт соңында, балалардың бәріне Қор атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар үлестірілді.
Enter - iздеуді бастау үшін