2017 жылдың сәуір айында Қор, өз қызметінің тағы бір бағыты ретінде «Феникс» жобасын жүзеге асыра бастады. Осы жоба аясында Қор психикалық және сөйлеу ауытқулары бар, қозғалу және сөйлеу машығы тежелген, психо-моторлық дамуы тежелген балаларды емдеу мен реабилитациядан өткізуге көмектеседі. Емдеу мен реабилитация Ресей мен Қазақстан емханаларында өткізіледі.
Қор бала мен оны ертіп баратын тұлғаның жол ақысы мен ем ақысын төлейді. Осы күні «РЕА центр Самара» (Самара қ.), «Доктрина» (Санкт-Петербор қ.), «Неврология, эпилептология және реабилитация» (Алматы қ.) түрлі диагноз қойылған үш бала ем алып, реабилитациядан өтті. Ата-аналары ем-дом алғаннан кейін, алалардың беті бері қарағанын атап өтті. Алайда, өкінішке қарай, мұндай ауыр сырқаттар ұзақ уақыт емдеуді талап етеді. Қор балаларды әрі қарай да емдеп, реабилитациядан өткізуді жоспарлап отыр.
Enter - iздеуді бастау үшін