Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры – әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, сауықтыру, білім беру және өзге де қоғамдық пайдасы бар мәселелерді шешуге ат салысу мақсатымен құрылған коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі — Қор).
Қор қызметі хореографиялық шығармашылық ұжымдарға, оқу орындары мен әртістерге қолдау көрсетіп, әлеуметтік және қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға бағытталған.
Хореографиялық өнерді насихаттап, дамытуға бағытталған жобаларды атқарып, балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ, емдеу мен реабилитацияға мұқтаж балаларға көмек көрсету – Қор миссиясы болып саналады.
Enter - iздеуді бастау үшін