Қолдау

Жобаның басталуы – 2014-жылдан бері

Жоба мерзімі – мерзімсіз

Жоба мақсаты – хореографиялық оқу орындары мен театрларға демеушілік қолдау көрсетіп, түрлі жобаларын қаржыландыру арқылы хореография өнерін қолдап, дамыту.

Атқарылған жұмыс:
— «Жусан», «Кармен», «Клеопатра» қойылымдарын жасау үшін «Астана Балет» театрына демеушілік көмек көрсетілді.

    

 

— Хореографиялық оқу орындарының V Халықаралық «Өрлеу» байқауын ұйымдастырған А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне, жеңімпаздардың жүлделерін үлестіру үшін демеушілік көмек көрсетілді.

   

 

— «Тұран дала — қыран дала» балетін қою үшін А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне демеушілік көмек көрсетілді.

  

— Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушыларына арналған ашық кітапхана жабықталды.

 

— Қазақ ұлттық хореография академиясындағы арт-кабинет жабдықталып, қызметі ұйымдастырылды.

— Қазақ ұлттық хореография академиясында оқитын, жағдайы төмен отбасылардан шыққан 26 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

— Қазақ ұлттық хореография училищесінің оқушыларына көркем гимнастикамен шұғылдану үшін жабдықтар алынды.

— Қазақ ұлттық хореография академиясының екі оқушысының оқу ақысын өтеу үшін демеушілік көмек көрсетілді.

Enter - iздеуді бастау үшін