Бастау

Жобаның басталуы – 2015 жылғы ақпан

Жоба мерзімі – мерзімсіз

Жоба мақсаты – Қазақстан аймақтарында тегін би үйірмелерін ашу арқылы балаларды жаппай хореография өнеріне баулу, эстетикалық түйсігін ашу, салауатты өмір салтына ынталандыру, сонымен қатар, олардың бос уақытын ұйымдастыру.

Атқарылған жұмыс:
— Жамбыл облысындағы 6 зал балет қондырғыларымен, айналармен, музыка жабдықтарымен қамтамасыз етілді;
— Қызмет көрсету шарты бойынша, би үйірмелеріне 6 хореограф қабылданды;
— Тараз қаласында хореографтар үшін шеберлік сыныптары өткізілді;
— Жамбыл облысында 300-ден астам бала қатысатын 6 би үйірмесі ашылды;
— Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылған 3 есептік концерт өткізілді.

Жоспар:
Қарағанды облысында би үйірмелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

 

Enter - iздеуді бастау үшін